24 ақпанда Алматыда аралас жекпе-жектен OCTAGON 16 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты шайқаста екі қазақстандық файтер кездеседі - Жандос Жанат пен Ильяр Асханов. Қос спортшы жеңіл салмақтағы (70,3 кг) чемпиондық белбеу үшін таласады.

Кештің екінші маңызды жекпе-жегінде OCTAGON лигасының ең жеңіл салмақтағы (56,7 кг) қазіргі чемпионы Азат Максум (10-0) қырғызстандық Нұрбек Болотбековпен (5 -0) күш сынасады.

Octagon 16 турнирінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады.

Турнирдің ресми серіктесі - TURAN - Turan.sport, turanwater.com.