Софияда (Болгария) бокстан халықаралық "Странджа-2021" бокс турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған додада Қазақстан құрамасының мүшесі Олжас Байниязов жеңіліп қалды. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан ол үндістандық Комар Депакпен кездесті. Екеуара кездесу 0:5 есебімен аяқталып, отандасымыз жарыстың алғашқы айналымында жеңілс тапты.

Айта кетерлігі, халықаралық турнир 27 ақпанға дейін жалғасады.