Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN-ге берген сұхбатында мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегі жайлы айтып берді.

– Үлкен жекпе-жек өткіземін деген ой болды бастапқыда. Өзіме сенімді едім. Жекпе-жекке жақсы дайындалған соң еш уайымым болмады. Өзімді жақсы сезіндім, - дейді Головкин.

Айта кетейік, Головкин – «Канело» жекпе-жегі 2017 жылы өтіп, тең аяқталған. Екінші кездесуде мексикалық боксшы басым түсті.