Бахрейнде баскетболдан Азия кубогының іріктеу кезеңі аясында ойындар өтті.

Ерлер командалары арасында өткен байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы Шри-Ланкамен кездесті. Нәтижесінде екеуара кездесу 107:37 есебімен қазақстандықтар еншісіне шешілді.

Айта кетерлгі, осыған дейін Шри-Ланка командасын қазақстандық "Дала қасқырлары" (Steppen Wolves) командасы 111:52 есебімен жеңіп кеткен.