Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншсы Ермек Қуантаев «Тұран» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қапталдағы қорғаушы жаңа командасымен бір жылдық келісімшартқа отырып, бірнеше ойында алаңға шығып үлгерген.

Ермек Қуантаев мансабында «Тобыл», «Қайрат» және «Жетісу» командаларында доп тепті. 2010 жылы Қазақстан чемпионатының үздік жас ойыншысы атанған.