Италия А сериясының 23-турында турнирлік кестеде көш бастап тұрған «Интер» мен «Милан» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Миландық дерби 3:0 есебімен «Интер» жеңіске жетті.

Осы жеңістен кейін «Интер» 23 ойында 49 ұпай жинап, турнирлік кестеде жеке дара көш бастады. Екінші орында тұрған, бүгінгі қарсыласы «Миланнан» төрт ұпай ұзап кетті.

Маусым басталғаннан бері көшбасшылық орынды ешкімге бермеген «Милан» соңғы бес ойынның үшеуінде жеңіліп қалды. Интер - Милан - 3:0Гол соққандар: Мартинес (дубль), Лукаку