Поклюкада (Словения) ерлер мен әйелдер арасында эстафета санаты бойынша жарыстар аяқталды.

Назарларыңызға қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынамыз.

Ерлер арасында Норвегия командасы топ жарды. Швед құрамасы екінші болса, ресейлік биатлоншылар үшінші орынға жайғасты. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы жарысты аяқтай алған жоқ.

Әйелдер арасында Норвегия құрамасы көш бастады. Германия екінші, Украина үшінші болды. Қазақстан әйелдер құрамасы 20-шы орынға жайғасты.