Ұлттық теннис орталығының баспасөз мәжіліс залында 22-28 ақпан аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін Challenger 100 сериялы турнирдің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шыққан америкалық Маккензи Макдональдпен кездеседі.

Ал Денис Евсеев алғашқы айналымда Өзбекстанның бірінші ракеткасы Денис Истоминмен кездеседі. Тимофей Скатоваға словак Мартин Клизанмен, Достанбек Ташбулатов Үндістанның бірінші ракеткасы Праджнеш Гуннесваранмен жолығады.