«Absolute Championship Axmat» аралас жекпе-жек лигасы өзінің қол астында бақ сынайтын файтерлердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақ кестесінде бірінші орынды қазақстандық файтер Артем Резников сақтап қалды. Бұл дивизионда ACA чемпионы - Абдул-Азиз Абдулвахабов. Резниковтан кейін тағы екі ресейлік спортшы - Амирхан Адаев пен Александр Сарнавский тұр.

Тағы екі қазақстандық файтер Евгений Егембердиев пен Асылжан Бақытжанұлы ACA рейтингінің жартылай ауыр салмағында үздік бестіктің қатарында қалды. Егембердиев 3-ші, Бақытжанұлы 5-ші орында.