Бүгін шымкенттік «Ордабасы» грузиялық Батуми қаласының «Динамо» командасымен жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, қазақстандық клуб соңғы матчында мәскеулік «Динамодан» жеңілген болатын.

Ойын 19 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады. Кездесу Түркиядағы «Papillon» қонақүйінің алаңында өтеді.

Матчтың тікелей трансляциясын шымкенттік клубтың YouTube-каналынан көруге болады.