«Вулверхэмптон» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Тонго Думбия «Ақтөбемен» келісімшартқа отырды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ақтөбелік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін футболшы команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп қосылған болатын.

Тонго Думбия - англиялық «Вулверхэмптон», франциялық «Валенсиенес» және «Тулуза» клубтарында өнер көрсеткен. Мали құрамасы сапында Африка Ұлттар кубогының топтық кезеңіне қатысқан.