Қазақстандық боксшылар Алматы облысында оқу-жаттығу жиынына кірісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы облысында орналасқан «Ақ бұлақ» олимпиадалық орталығында боксшылар жаттығу жиынын бастады.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, жаттығу жиынына барлығы 30 спортшы қатысуға шақырту алған.

Аталған жиын екі кезеңнен тұрады. Былғары қолғап шеберлері 28 ақпанға дейін шеберліктерін шыңдайтын болады.