Өзбекстан құрамасының 27 жастағы шабуылшысы Игорь Сергеев «Ақтөбемен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен маусымда ташкенттік «Пахтакор» сапында Сергей Өзбекстан лигасында 24 матч өткізіп, 16 гол соққан.

«Пахтакордан» бөлек шабуылшы БАӘ клубы «Аль-Дафра» мен қытайлық «Бэйцзин Гоань» сапында ойнаған.

Айта кетейік, шабуылшы 2013 жылдан бері Өзбекстан құрамасында (53 матч, 17 гол) өнер көрсетеді.