«Жетісу» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында екінші жолдастық матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Талдықорғандық клубтың қарсыласы грузиялық «Телави» командасы болды. Грузиялықтар бұл ойында 3:0 есебімен жеңді. «Жетісу» матчқа екі түрлі құраммен шықты.

Айта кетейік, «Жетісу» бұған дейін ресейлік «Олимп-Долгопрудный» командасын 2:0 есебімен жеңген еді.