Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (16-1, 12 КО) келесі жекпе-жегін 12 наурызда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com бокс статистикасы порталының хабарлауынша, 25 жастағы қазақстандық осы күні Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) 33 жастағы америкалық Скотт Сигмонмен (33-14-1, 17 КО) жұдырықтасады.

Жекпе-жек он раундқа есептеледі.

Соңғы айқасында Әли Карлос Гонгорадан (19-0, 14 КО) нокаутпен ұтылып қалды.