Гродныйлық «Неманның» қорғаушысы Иван Садовничий клуб сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі pressball.by сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, футболшы қазақстандық клубтардың біріне ауыспақ. Бірақ нақты қай командада ойнайтыны белгісіз.

Бұған дейін Садовничий «Тобыл», «Шахтер», «Жетісу» мен «Қайсар» намысын қорғаған еді.