Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN-ге берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварестің басқа қарсыластарынан айырмашылығын айтты.

"Оның тәжірибесі менің бұрынғы қарсыластарымнан әлдеқайда көп екені анық. Оның шеберлігі жоғары деңгейде болды. Шеберлік, күш, жылдамдық, дайындық, жастық - мұның бәрі оны басқа қарсыластарымнан ерекшелендіреді", - деді Головкин.

Головкин Канеломен екі рет жекпе-жек өткізді. Бірінші кездесу тең аяқталды, ол біршама дау туғызды. Ал екінші жекпе-жекте төрешілердің дауысымен Альварес жеңіске жетті.