Армения құрамасының қорғаушысы Вараздат Ароян «Астана» футбол клубымен жасалған еңбек келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Вараздат - Армения чемпионатында үш рет және ел Кубогында бес рет жеңіске жеткен «Пюниктің» түлегі.

Иран чемпионатындағы «Падидех» командасында доп тепті, Ресей чемпионатында «Урал» мен «Тамбовта» 60 матч өткізген.

Армения ұлттық құрамасында 28 жастағы қорғаушы вице-капитан міндетін атқарады, ол өз командасын Ұлттар лигасының алты матчының үшеуінде команданы капитан ретінде алаңға бастап шықты. Барлығы ол өз елінің ұлттық құрамасында 55 матч өткізіп, 2 гол соқты.