«Астана» футбол клубының жаттықтырушылар штабының шешімімен елордалық команда 17 ақпанда екі түрлі құраммен екі матч өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана» 17 ақпан таңертең Түркия уақытымен 11:00-де ресейлік «Балтика» (Калининград) клубымен кездеседі.

Екінші матч 17:00-де өтеді. Андрей Тихонов шәкірттерінің кезекті қарсыласы - мәскеулік «Торпедо». КСРО-ның үш дүркін чемпионы, КСРО мен Ресей кубогының 7 дүркін жеңімпазы қазіргі уақытта ҰФЛ-дың турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Команданың бас бапкері - Ресей құрамасының бұрынғы қорғаушысы Сергей Игнашевич.