Норвегиялық «Стабек» командасының ойыншысы Эмиль Бохинен ЦСКА сапына ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы мәскеулік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

21 жастағы жартылай қорғаушы ресейлік клубпен 2024/25 жылғы маусымның соңына дейін жарамды келісімшарт жасасты. Ол «Стабек» сапында 73 матч өткізіп, тоғыз гол соққан. Норвегия жасөспірімдер құрамасында он ойынға қатысқан.

Transfermarkt.com порталының хабарлауынша, ойыншының трансферлік құны - 1,5 миллион еуро.

Айта кетейік, ЦСКА сапында Қазақстан құрамасының футболшысы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.