«Ақжайыққа» қаралымға Максим Марусич пен Самат Сәрсенов келді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Максим Марусич - украиналық футбол түлегі. Украинаның жастар құрамасында ойнаған. Былтырғы маусымда ақтаулық «Каспийде» өнер көрсетті.

Сондай-ақ, «Қайрат» сапында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанып, ел кубогын иеленген Самат Сәрсенов де оралдық клубқа қосылды. Өткен маусымда шабуылшы латвиялық «Спартакта» ойнады.

Жақын арада командаға Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Магомед Парагульгов қосылады деп жоспарланып отыр.