Мексикалық Сауль «Канело» Альварес рингке 27 ақпанда оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол WBC бойынша міндетті үміткер түркиялық Авни Йылдырымға (21-2,1 2 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. DAZN стриминг сервисі жекпе-жектің ресми постерін жариялады.

Сондай-ақ, мамырда Альварес ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен (30-0, 14 КО) жұдырықтасады деп жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесетіні хабарланған болатын.