Бүгін Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден әлем чемпионаты мәресіне жетті.

Назарларыңызға соңғы жарыс күніндегі қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынамыз.

5000 метрге жарысқан әйелдер арасында Надежда Морозова 11-ші орыннан көрінді. Ол аталған қашықтықты 7 минут 23:599 секундта жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанған нидерландтық Ирен Шоутеннен 35.06 секундқа қалып қойды.

Ал 1500 метрге жарысқан ерлер арасында қазақстандықтар Демьян Гаврилов 13-ші, Виталий Щиголев 14-ші, Дмитрий Морозов 16-шы орын иеленді. Аталған сында Нидерланд құрамасының спортшылары жүлделі үш орынды өзара бөліскен.