Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов Ресейдің Ұлттық футбол лигасындағы (ФНЛ) клубымен «Крылья Советовпен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, «Қайраттың» экс-шабуылшысы Самара клубымен ағымдағы маусым аяқталғанға дейін келісімшартқа отырған. Алайда, команда Премьер-лигаға шығу мәселесін шешкен жағдайда келісімшарт автоматты түрде тағы екі жылға ұзартылады.

ҰФЛ чемпионатының 26 ​​турынан кейін Игорь Осинкин баптайтын команда турнир кестесінде екінші орында тұр. Көшбасындағы «Нижний Новгородтан» үш ұпайға қалып келеді. Чемпионаттың қорытындысы бойынша екі үздік команда РПЛ-ға тікелей жолдамаға ие болады. Тағы екеуі плей-офф арқылы шығуға мүмкіндік алады.

Айымбетов өткен маусымды «Қайрат» сапында өткізді. 10 гол соғып, чемпионат сұрмергені атанды.

Prosports.kz-тің эксклюзивті серіктесі Германияның Transfermarkt порталы Айымбетовті 1,5 миллион еуроға бағалап отыр.