Мадридтік «Реал» жаттықтырушысы Зинедин Зидан Дидье Дешам кетіп қалған жағдайда Франция құрамасының бас бапкері лауазымына басым үміткер саналады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тиісті мәлімдемені Франция футбол федерациясының президенті Ноэль Ле Гре L ' Equipe-ге берген сұхбатында жасады.

«Зиданмен қарым-қатынасымыз жақсы. Егер Дешам құрамадан кетсе және мен әлі де орнымда отыратын болсам, бірінші Зиданға жұмыс ұсынамын», - дейді Ле Гре.

Еске сала кетейік, Зиданның «Реал Мадридпен» 2022 жылдың маусымына дейін келісімшарты бар, бірақ команда ешқандай титулға ие болмаса, келісім жазда бұзылуы мүмкін.