Херенвенде (Нидерланды) конькимен жүгіру спорты бойынша әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Olympic.kz әйелдер мен ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша өткен бәсекенің нәтижесін ұсынады. Әйелдер арасында қазақстандық Екатерина Айдова 11-ші орыннан көрінді.

Ал ерлер арасында Роман Креч 18-ші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ, командалық жарыс бойынша мұзға Демьян Гаврилов, Дмитрий Морозов және Виталий Щиголев шықты. Нәтижесінде қазақстандық құрам алтыншы орынға жайғасты. тті