Қорғаушы Рафкат Аслан мансабын Талдықорғанның «Жетісуында» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бразилиядағы «Оле Бразил» академиясында тәлім алған Рафкат «Жетісуда» қаралымда жүр.

27 жастағы Рафкат Аслан «Тобыл», «Ақтөбе», «Атырау», «Ертіс» және «Каспий» командаларында ойнады.

Барлығы ол премьер-лигада 98 матч өткізсе, Қазақстан құрамасында бір ойын өткізді.