«Parimatch 2021 Qazaqstan hockey open» халықаралық турнирінде Қазақстанның екінші ұлттық құрамасы мен Беларусь құрамасы арасындағы көрме матчы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 3:2 есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды. Негізгі кезеңде командалар 2:2 есебімен тең түскен еді. Шешуші голды Нұрсұлтан Белгібаев соқты.

Жеңімпаз команда сапында Александр Пелевин мен Владислав Никулин мергендік танытса, Станислав Лопачук пен Никита Крыскин Беларусь сапында көзге түсті.