Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Forbes Kazakhstan басылымына берген сұқбатында UFC-дің ұсынысынан қалай бас тартқанын айтты.

– M-1 Challenge чемпиондық титулы үшін жекпе-жегін болатын. Қарсыласым дайындалып, мені күтіп жүр. Егер ұсынысты қабыл алсам, қарсыласыма, спортқа құрметсіздігімді көрсетер едім.

Мен қарсыласыммен бұрын келісіп қойғанмын. Келісімшартқа отырдық, жекпе-жекке дайындалдық. Қалай болғанда M-1 чемпиондық титулын алғым келді, - деді файтер.