Бразилия құрамасы мен «Миланның» бұрынғы қорғаушысы Кафу «Реалдың» қорғаушылары жайлы пікірін айтты.

– Марсело – нағыз феномен. Ол өте шебер әрі тамаша ойыншы. Кез келген уақытта шабуылға араласып, қарсыласын алдаудан қорықпайды.

Ал Серхио Рамос, сөзсіз, әлемнің үздік қорғаушысы. Ол шеберлігі жағынан да, тактика тұрғысынан да өзгелерден оқ бойы озып тұр.