Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты Суперкубок матчтарының жаңа форматы туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Жаңа ережеге сәйкес Суперкубокқа өткен маусымдағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы («Қайрат»), екінші және үшінші орындарға ие болған командалар («Тобыл», «Астана») және де Қазақстан кубогының иегері қатысады. Егер футбол маусымында кубок иегері анықталмаса, онда турнирге ел чемпионатында төртінші орынға ие болған команда («Шахтер») қатысады.

Турнир екі жартылай финал ойындарынан (2, 3 наурыз) және үшінші орын үшін кездесу (5 наурыз) мен финалдан (6 наурыз) тұрады. Барлық ойындар Түркістан қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Турнирдің жартылай финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі 15 ақпанда елорда уақытымен сағат 14:00-де өтеді, әрі де тікелей эфирде көрсетіледі.