Ресейлік шабуылшы Давид Караев «Каспий» футбол клубына ауысуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Meta-ratings.kz сайтының хабарлауынша, 25 жастағы ойыншы ақтаулық клубтың қаралымынан өтіп жатыр.

Караев мансабында «СКА-Энерги», владикавказдық «Спартак» және «КАМАЗ» командаларында өнер көрсеткен. Өткен маусымда «Урал» сапында Ресей Премьер лигасындағы алғашқы ойынын өткізді. РПЛ-да жалпы 6 матч өткізген.