Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Юлия Путинцева Австралия ашық чемпионатының жұптық сынында екінші айналымға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлестеріміз алғашқы айналымда ресейлік Анна Калинская мен словакиялық Виктория Кужмаковаға есе жіберді.

Бір сағат 11 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жекелей сында екі спортшы да жарыстың үшінші айналымына жолдама алды.