Қазақстандық боксшы Бобиржан Момыновтың (12-0, 8КО) келесі жекпе-жегі өтетін уақыт анықталды, жеп жазады Prosports.kz.

Жерлесіміз 27 наурызда Екатеринбургте (Ресей) өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді.

Оның қарсыласы - 30 жастағы украиналық боксшы Эдуард Скавинский (13-0, 7КО). Он раундқа жоспарланған жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы вакантты IBF Baltic белбеуі сарапқа салынады.

Сондай-ақ, аталған кеште тағы бір қазақстандық Станислав Калицкий (10-1, 3КО) рингке шығады. Ол ресейлік Павел Маликовпен (16-3-1, 6КО) жұдырықтасады.

Ал кештің басты жекпе-жегінде 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы ресейлік Евгений Тищенко (8-0, 6КО) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы әлі белгісіз.

WBC рейтингісі: Әлімханұлы чемпиондық атаққа жақындай түсті

Қоңқабаев: Олимпиадада алтын медаль алу үшін барымды саламын