Ресей астанасы Мәскеуде EFC 33 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Сергей Калинин мен тәжік файтері Фаридун Одилов жұдырықтасты.

Кездесу төртінші раундта аяқталды. Тәжікстандық спортшы қылқындыру әдісімен жеңіске жетіп, EFC чемпионы атағын иеленді.