Беларусь құрамасының қорғаушысы Сергей Карпович «Қайсар» футбол клубының қарылымынан өтіп жүр, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы қызылордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

26 жастағы ойыншы минскілік «Динамоның» түлегі. Алдыңғы екі маусымда «Ислоч» командасында өнер көрсетті.

2020 жылы Беларусь чемпионатында ол 30 матчқа қатысып, 1 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Беларусь құрамасына шақырту алып жүр.