Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы «Боруссия» (Менхенгладбах) - «Манчестер Сити» матчы Венгрияның Будапешт қаласында өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайты 8 ақпанда мәлімдеді.
Оның себебі - Германиядағы коронавирусқа байланысты қатаң шектеулер.
Ойын жоспар бойынша 24 ақпанда елорда уақытымен 02:00-де басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Будапешттегі «Пушкаш Аренада» «Лейпциг» — «Ливерпуль» матчы өтетіні белгілі болған.
Комментарии