Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Бірінші айналымда отандасымыз WTA рейтингісінде 41-орында тұрған америкалық Слоан Стивенсті жеңді.

Екі сағат он минутқа созылған кездесу 4:6, 6:2, 6:3 есебімен аяқталды.

Юлия екініш айналымда Алисон Ван Эйтванк (Бельгия) - Клара Бурель (Франция) жұбының жеңімпазымен жолығады.