Үстел теннисінен бремендік "Вердер" клубы Бундеслиганың кезекті турында турында жеңіліс тапты. Аталған клуб сапында қазақстандық Кирилл Герасименко ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Мюльхаузенде үстел теннисінен Германия біріншілігі аясында 18-тур ойындары аяқталды. Бремендік "Вердер" клубы жергілікті Post SV командасымен кездесті.

Нәтижесінде, Post SV командасы "Вердер" клубын 3:2 есебімен ұтып, финалдық төрттікке енді. Қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко аталған кездесуде Даниэль Хабесонмен ойнап, 3:2 есебімен қарсыласын жеңген.