Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтіп жатқан UFC Vegas 18 аралас жекпе-жек турнирінің басты кардындының алғашқы шайқасында - америкалық Майк Родригес пен бразилиялық Данило Маркес кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші раундтың соңында Маркес қарсыласын қылқындыруы әдісімен жеңді.

Данило Маркес осылайша мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді. Родригестің рекорды - қазір 11 жеңіс, 6 жеңіліс.