20 ақпанда Германияның Гамбург қаласында ауыр салмақтағы жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген қазақстандық IBO континентаралық титулының иегері Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) өзінің кезекті кәсіби жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Арқалықтың тумасы WBA International чемпионының бос белбеуі үшін айқаста Godzilla Secret лақап атымен танымал Нигерия бокс мектебінің өкілі Онориод Эхвариемемен (18-1, 17 КО) кездеседі.

Prosports.kz журналисі Жанға жекпе-жек туралы бірнеше сұрақ қойып, оның алдағы кездесу туралы айтуын өтінді.

- Жан, 20 ақпандағы жекпе-жекке дайындығың қалай болып жатыр?

- Дайындық бұрынғыдай жүріп жатыр.

- Германияға қашан ұшпақшысыз?

- Біз карантин шектеулеріне байланысты Гамбургке 17-18 күні ұшамыз.

- WBA International чемпионының бос белбеуі үшін күресте сіздің қарсыласыңыз Нигерия өкілі Онориода Эхвариеме (18-1, 17 КО) болмақ. Сіз ол туралы не айта аласыз?

- Бәрін рингте көрсетемін.

- Сіз қарсыластың бокстағы кемшіліктерін анықтай алдыңыз ба?

- Егер кемшілік болса, ол рингте екеуміздің бірімізде пайда болады.

- Нигериялықтың Godzilla Secret деген лақап аты бар. Бұл немен байланысты болуы мүмкін деп ойлайсыз?

- Білмеймін. Мүмкін оған фильм ұнаған шығар (жымиды).

- Эхваримемен жекпе-жекке ерекше бірдеңе дайындадыңыз ба?

- Бәрі бұрынғыдай болмақ, ештеңені өзгертпейміз. Мерекеге барғандай шығамыз рингке.

Еске сала кетейік, Кособуцкий - немістің Universum Box-Promotion промоутерлік компаниясының клиенті.