«Тараз» футбол клубы Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі жаттығу жиынынан фоторепортаж жариялады.

Антальяда өтіп жатқан ОҚЖ алғашқы күндерінде қарқынды жаттығу жасап, 7 ақпан күні екі бірдей жолдастық кездесу өткізу жоспарланған. Бірінші ресейлік «Кранодар-3» командасымен таңғы мезгілде, кешке мәскеулік «Спартак-2» ұжымымен күш сынасады. Ал 13 ақпан күні грузиялық «Шукура» (Кобулети) командасымен жасыл алаңда жолығады деп күтілуде. Бұл ойындарда бапкерлік құрам командаға алынуы мүмкін деген, сонымен қатар команданың негізі болатын жергілікті ойыншыларды іріктеп көрмек.

Сондай-ақ, оқу-жаттығу жиындары барысында келісім болған жағдайда өзге де командалармен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін.