Ағылшын чемпионатының 22-тур матчында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Саутгемптонды» қабылдады.

«Қызыл сойқандар» қарсылас қақпасына жауапсыз тоғыз доп соқты. Ойынның басында «Саутгемптон» футболшысы дөрекі ойнап, қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

44 ұпай жинаған манчестерлік клуб екінші орынды сақтап қалды.