«Жетісу» клубынан кетіп, жұмыссыз жүрген Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Ермек Қуантаев «Тұранға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz Түркістан облысы клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы клубтың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Футболшының еркін агент ретінде ауысқанын да айта кету ләзім.

Ал жалпы, Қуантаевтың нарықтағы құны - 300 мың АҚШ доллары.