«Оқжетпес» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Дмитрий Шмидт «Қызыл-Жар» ойыншысы атанды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы петропавлдық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Дмитрий Шмидт - Шығыс Қазақстан футбол мектебінің түлегі. Мансабын 2012 жылы «Восток» клубында бастаған. 2016 жылы «Алтайда» ойнады. 2017 жылы ол «Ақжайық» клубымен келісімшартқа отырып, оралдық команда сапында 28 матч өткізді.

2018 жылдың басында ол павлодарлық «Ертіске» ауысты. Тәжірибелі қорғаушы өткен маусымда «Оқжетпес» командасында өнер көрсетті.