Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Ресейде оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Жоспар бойынша Санкт-Петербургте Ресей чемпионатының суперлигасына қатысады. Одан кейін 6-11 ақпан аралығында Руза қаласында оқу-жаттығу жиынын жалғастырады.

Ал әйелдер құрама командасы Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынына кірісті. Су добының шеберлері 14 ақпанға дейін дайындықтарын пысықтайды.