Армения құрамасы мен еревандық «Арараттың» нигериялық жартылай қорғаушысы Соломон Име Удо мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Armsport.am сайтына сілтеме жасап.

Қарағандылық «Шахтер» 25 жастағы футболшыға қызығушылық танытып отыр. Айтпақшы, Армения құрамасының футболшысы өз командасымен БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиынына барған жоқ.

Еске салайық, Удо Армения құрамасында өткен жылдың маусым айынан бері ойнайды.