Велоспорттан 3-7 ақпан күндеріне жоспарланған Валенсия Вуэльта-2021 веложарысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Olympic.kz

Аталған веложарыс биыл 72-ші рет өткізілуі тиіс болатын. Жарыстың кейінге қалдырылуына коронавирус пандемиясы себеп болып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, велобәйгенің қашан өтетіні алдағы уақытта хабарланады.