Ла Лига тарихындағы осы аптада орын алған классикалық голдар, дебюттар, ойыншылар мен маңызды сәттерді еске түсіріп көрейік...

1 ақпан: Рамос Ла Лигадағы дебютін өткізді (2004)

Осыдан 17 жыл бұрын Рамос «Депортивоның» "Абанка Риасор" стадионында Ла лигадағы алғашқы ойынын өткізді. «Севилья» бапкері Хоакин Капаррос кездесудің бір сағаты өткеннен кейін ойынды өзгертіксі келді. Сөйтіп, ол қосалқы құрам орындығында кезек күтіп отырған 17 жастағы Серхио Рамосты алаңға шығарды. Ол жартылай қорғаушы Пако Гальярдоны алмастырды.

Рамостың Ла лигадағы мансап жолы аса сәтті болды деуге негіз бар. 17 жылдан кейінгі бүгінгі Серхио атақты «Реалдың» көшбасшысы. Бес мәрте Ла лига чемпионы деген атағы бар.

2 ақпан: Клюйверттің Тенерифедегі покері (2002)

Барселона Тенерифеге аттанғанда турнирлік кестеде сегізінші орында тұрды. Ал қарсыласы Тенерифе көш соңында келе жатқан, олар жоғарғы лигадағы орнын сақтап қалуға тырысып жатқан. Бұл ойында есепті Карлес Пуйоль матчтың 15-минутында ашты.

Содан кейін Патрик Клюйверт Хави Эрнандестен пас алып, есепті ұлғайтты. Үзілістен кейін көп ұзамай Клюйверт айып алаңы ішіндегі шабуылды сәтті аяқтап, есеп 3:0-ге өзгерді. Ол осыдан кейін де тізгін тартқан жоқ. Матч соңына дейін тағы екі гол соқты. Сөтйіп бұл ойында 6:0 болды. Алтыншы голды қарсылас ойыншысы Давид Чаркос өз қақпасына соғып алғанын да айта кетейік.

2 ақпан: Ансу Фати рекорд жаңартты (2020)

2020 жылдың ақпан айында Барселона жанкүйерлерін команданың су жаңа супержұлдыз Ансу Фати қуанышқа бөледі. Ол Барселонаның 1941 жылдан бері сақталып келе жатқан рекордын бұзып, Ла лигада алаңға шыққан ең жас ойыншы және Ла Лига мен Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншы атанды.

Сол күні «Камп-Ноуда» өткен «Левантеге» қарсы ойында Ансу Ла лигада дубль жасаған ең жас ойыншы атанды. Ол кезде ойыншы небәрі 17 жастан 3 ай асқан болатын.

Оның екі голды соғуына да Лионель Месси көмектесті.

4 ақпан: Вилья оратлық алаңнан гол соқты (2006)

«Депортиво» қақпашысы Хосе Молина «Валенсияның» шабуылшысы Давид Вилья орталық алаңнан доп алғанда, қақпаға қауіп төнеді деп ойлаған да жоқ. Қос команда арасындағы ойын голсыз өтіп жатқан. Тіпті жанкүйерлер де гол көрмейтін шығармыз деген. Алайда Вильа ойланбастан оң аяғымен жойқын соққы жасады. Молина қақпадан онша алыс тұрмаған, бірақ ардагер қақпашы дер кезінде реакция таныта алмады, доп оның бойынан асып, қақпаға еніп кетті.

Вильа мансабында «Спортинг», «Реал Сарагоса», «Валенсия», «Барселона» және «Атлетико Мадрид» клубтарында 353 матч өткізіп, 185 гол соққан, солардың ішіндегі ең үздік гол осы болды деуге болады.

5 ақпан: Бутрагеньонің дебюті (1984)

«Реалдың» 1984 жылы 5 ақпанда «Рамон де Карранса» сатдионында Кадиске қарсы өткізген ойыны сәтті болған жоқ. Бірінші таймнан кейін қонақтар Бенито Санчес пен Хосе Мехиястың голынан кейін 2:0 есебімен жеңіліп жатты. Осы сәтте мадридтік клубтың бапкері Альфредо ди Стефано ойынға өзгеріс енгізгісі келді. Сөйтіп 20 жастағы дебютант Эмилио Бутрагеньоны алаңға шығарды. 15 минуттан кейін Эмилио Ла лигадағы алғашқы голын соқты, көп ұзамай жас жігіт есепті теңестіруге сәл қалған. Содан кейін оның командаласы Рикардо Гальего есепті 2:2-ге жеткізді. Кездесудің аяқталуына екі минут қана қалған сәтте Бутрагеньо жеңіс голын соғып, матчтың соңғы нүктесін қойды.

Эль Буйтренің мансап жолы керемет табысты болды. Ол «Реал» сапында табан аудармай 12 маусым өнер көрсетіп, Ла лигада 123 гол соқты. 1985 жылдан 1990 жылға дейін қатарынан Ла лиганың бес дүркін чемпионы атанды. Ол қазіргі таңда клубтың Институционалдық қатынастар жөніндегі директорі ретінде қызмет атқарады.