"Атырау" футбол клубы Мақсат Байжанов және Валентин Чуреевпен келісімшарт мерзімін ұзартпайтын болды, деп жазады Prosports.kz.

Meta-ratings.kz сайтының хабарлауынша, екі ойыншы да команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барған. Чуреев пен Байжанов клубпен келісімдерін ұзартады деп жоспарланған. Алайда атыраулық клубтың бапкерлер алқасы тәжірибелі футболшылармен қоштасу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, 34 жастағы қорғаушы Валентин Чуреев пен 36 жастағы жартылай қорғаушы Мақсат Байжанов өткен маусымда «Атырау» сапында өнер көрсетіп, команданың Бірінші лигадан Премьер-лигаға жолдама алуына көмектесті.